АЯЗ /71/

lat: Aıaz /71/

зат. 1 . Қыстыгүнгі ызғарлы суық .

Үскірік, аяз өтінде,

Үйілген қарға көмілген

Жабырдың шығыс шетінде

Жайсыз бір қыстау көрінген (1,46).

Күн құрық бойы көтеріліпті.

Желсіз, шыңылтыр аяз (4,145).

2 . ауыс. Қаталдық, салқындық .

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,

Қиын не бар адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен,

Бірде аяз , бірде жалын, өрт кеудем (3,105).

Отырғызба, орнына аққаланың, аяз болып қалайша бақ табармын?!  Ең көрікті, көңілді қайсың барсың? (2,233).